Жетпісбаева Мейрамгүл Асылбекқызы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің филология факультетін «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген, филология ғылымдарының кандидаты. 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де (Астана қ.) филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының философиялық аспектілері» атты диссертациясын қорғады.
Мектептегі және жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесінде жұмыс тәжірибесі бар.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды филиалында 2013 жылдан бастап қызмет істейді, 2022 жылдың желтоқсанынан бастап – директор лауазымында.
Қарағанды облысының педагогтері үшін білім беру бағдарламаларын, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және сараптауға, оқыту семинарлары мен вебинарларын, кәсіби конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады. Авторлық құқық объектілеріне 18 куәлігі бар.
Зерттеу тобының құрамында ғылыми жобаларға қатысу тәжірибесі бар: гранттық ғылыми жоба (2022-2024 жж.) АР14870635 «Ерте жастағы балалардың қазақ тілінде сөйлеуін қалыптастыру үшін цифрлық контентті әзірлеу (қазақ балалар фольклоры материалдарында)» және БНҚ №86 техникалық тапсырма бойынша «Күрделі әлем үшін білім беру аспектісінде педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесін құру: парадигма, әдіснама, цифрлық құралдар» (2023-2025 жж.).
М.А. Жетпісбаеваның 50-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбегі, оның ішінде жоғары импакт-факторлы журналдарда және ҚР ОАМБССҚЕК ұсынған журналдарда ғылыми мақалалары дайындалды. 1 монография мен 1 оқу-әдістемелік құралдың авторы болып табылады.
2019-2021 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 6D020500 – Филология мамандығы бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болды.
ҚР ОАМ ведомстволық бағынысты республикалық орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі аттестаттау комиссиясының мүшесі, Қарағанды облысы білім басқармасының аттестаттау комиссиясының мүшесі, ҚР ОАМ республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының сарапшысы болып табылады.