ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖЕКЕЛЕНДІРІЛГЕН ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
PDF

Кілт сөздер

жасанды интеллект, цифрлық білім беру ресурстары, деректерді талдау, білім беру технологиялары, оқуға бейімделу, жекелендірілген оқу траекториялары, интерактивті білім беру ресурсы, цифрландыру

Аңдатпа

Мақалада жекелендірілген цифрлық білім беру ресурстарын (ЦББР) құру кезінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеруге және тәжірибеге бағытталған дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның бейімделуі мен интерактивтілігіне ерекше назар аударылады. Білім беру процесіне ЖИ енгізуге арналған отандық және шетелдік зерттеулерге талдау жүргізілді, бұл оларды қолданудың қазіргі тенденциялары мен дамуын анықтауға мүмкіндік берді. Авторлар практикалық бөлімде білім беру әлеуеті бар және білім алушыларға экономика, экология, информатика және жасанды интеллект негіздерін бір уақытта зерделеуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі интерактивті ЦББР ұсынады. Мақалада аталған тәсілдің әдіснамалық маңыздылығы көрсетіліп, цифрлық білім беру ресурстарында жасанды интеллект технологияларын қолдану білім алушылардың талдамалық және сыни ойлауын қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететіні дәлелденді. Білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын пайдалануды және әзірленген ЦББР-ның тиімділігін кешенді бағалау үшін деректерді сандық және сапалық талдауды біріктіретін зерттеу кезеңдері сипатталған. Эмпирикалық базаны 300 оқушы мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 50 мұғалімі ЖИ-нің күнделікті және оқу мақсатын, оны қолдану мақсаттарын, сондай-ақ мотивация мен үлгерімге әсерін зерттеуге бағытталған сауалнама деректері құрады. Осындай зияткерлік жүйелерді білім беру практикасына интеграциялауды дамыту туралы қорытынды жасалды.

PDF