Аңдатпа
Мақалада авторлар жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын білім беру процесінде, атап айтқанда STEM-білім беру негізінде математика сабақтарында қолдану мәселелері қарастырылады. Жасанды интеллект, STEM-білім беру саласындағы ғалымдардың озық тәжірибесі бар психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық әдебиеттер цифрлық технологиялармен ұштастыра талданды. Оқыту үрдістің сапасын арттыру, заманауи цифрлық құралдарды, жобалық және бейімделген білім беру технологияларын қолдану бойынша жасанды интеллект енгізуге басты назар аударылады. Авторлар Астана қаласының орта буын оқушыларының қатысуымен педагогикалық эксперимент жүргізді, оның мақсаты мектеп оқушылардың математиканы оқу процесінде жасанды интеллектпен жұмыс істеуге дайындығын зерделеу, сондай-ақ STEM-білім негізінде математика сабақтарында мектеп оқушылардың жасанды интеллектті қолдануға оң көзқарасын көрсететін сауалнама нәтижелеріне талдау жасау болды. Педагогикалық эксперимент нәтижесінде материалды түсінуді жақсарту және оқуға деген қызығушылықты арттыру сияқты жасанды интеллекттің негізгі артықшылықтары, сондай-ақ технологияға тәуелділікті қоса алғанда, кемшіліктер де анықталды. Авторлар мектеп біліміне жасанды интеллектті сәтті енгізу үшін осы технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, педагогтар мен мектеп оқушылар үшін мамандандырылған әдістемелер мен оқыту бағдарламаларын құру қажет деген қорытындыға келді.