Аңдатпа
Бұл мақала ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы болашақ мамандарға іскерлік қарым-қатынасты оқыту әдістемесін зерттеуге арналған. Қазіргі тіл білімінде АКТ саласында іскерлік қарым-қатынасты оқытудың әдістері мен тәсілдерін талдауға арналған еңбектер аз. Ғылыми жаңалық IT университетінің студенттеріне іскерлік коммуникацияны оқытуда когнитивтік-дискурсивті тәсілді зерттеу мен қолдануда жатыр. Бұл зерттеу іскерлік қарым-қатынасты оқыту әдістері мен формаларын зерттеудің маңыздылығын қарастырады. Зерттеудің авторлары оқытудың формаларына, бұл оқыту формаларының ақпараттық технология саласында кәсіби тілдік тұлғаның қалыптасуына қалай әсер ететініне тоқталады.
Бұл мақаладағы зерттеудің мақсаты іскерлік қарым-қатынасты оқыту әдістерін талдау және оқытудың тиімді әдістерін анықтау болып табылады. Мақсатқа жету үшін авторлар келесідей міндеттерді қойды: осы жұмысқа арналған әдебиеттерді, материалдар мен әдістемелерді зерделеу, университет оқытушылары арасында сауалнама жүргізу және алынған мәліметтерді талдау. Сауалнаманың негізгі нәтижелері болашақ IT мамандарын іскерлік коммуникацияға үйретуде проблемалардың бар екенін көрсетеді. Осыған байланысты зерттеудің практикалық маңыздылығы когнитивті-дискурсивті тәсілді қолдануда және IT студенттеріне іскерлік коммуникацияны оқытудың заманауи түрлерін пайдалана отырып үлгілік тапсырмаларды әзірлеуде жатыр.