TPACK-AI және TAICS технологиялық өзіндік тиімділік тәсілдеріне негізделген болашақ шетел тілі мұғалімдерінің жасанды интеллект құзыреттілігін дамыту
PDF

Кілт сөздер

жасанды интеллект, ЖИ - құзыреттілік, тілдік модельдер, мұғалімдерге арналған мамандандырылған жасанды интеллект сервистері, мәтіндік жасанды интеллект симуляторлары, технологиялық өзіндік тиімділік (TAICS), педагогикалық рефлексия

Аңдатпа

Мақалада жаһандық цифрландыру жағдайында болашақ шетел тілі мұғалімдерінің ЖИ-құзыреттілігін қалыптастырудың өзекті мәселесі зерттеледі. Зерттеудің мақсаты мамандандырылған оқыту әдістері жүйесі арқылы жүзеге асырылатын Teacher AI Competence Self-efficacy (TAICS) технологиялық педагогикалық мазмұндық білім беру - Artificial Intelligence (Tpack-AI) құрылымын және технологиялық өзіндік тиімділік компонентін интеграциялауға негізделген ЖИ құзыреттілігін қалыптастырудың моделін теориялық негіздеу және эксперименттік тексеру болып табылады.

Зерттеу әдістемесі аралас тәсілге (аралас әдістер) негізделген 84 студенттің тестілеу және сауалнамасын, сондай-ақ linguistic Inquiry and Word Count (Liwc) құралы арқылы рефлексиялық есептердің лингвистикалық мазмұнын талдауды қамтиды. Оқу процесі академиялық семестрде ұйымдастырылды оқу материалдарын жасау үшін генеративті тілдік модельдерді қолдана отырып оқытуды және нақты педагогикалық жағдайларды мәтіндік жасанды интеллект симуляторлары арқылы модельдеуді қамтыды. Оқыту үрдісін жүзеге асырудың техникалық шарттарына тілдік модельдерге, мұғалімдерге арналған мамандандырылған жасанды интеллект сервистеріне, шетел тіліндегі ауызша сөйлеуді жаттықтыру және бағалау сервистеріне және мәтіндік жасанды интеллект симуляторларына қол жеткізу кірді.

Ұсынылған модельдің тиімділігі эксперименталды түрде дәлелденді. Мақаланың тұжырымдары мақсатпен байланысты және TPACK-AI+TAICS моделімен бекітілген AI құралдарының жүйелік интеграциясы болашақ шетел тілі мұғалімдерінің ЖИ-құзыреттілігін қалыптастыруға және олардың педагогикалық ойлауының сапалы түрде ықпал ететінін, және осылайша білім берудегі технологиялық алшақтықты жоятынын дәлелдейді.

PDF