Аннотация
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби даярлығы ерекше маңызға ие. Зерттеу мақаласы инклюзивті білім беру, оны жүзеге асыруда педагогтардың білімі, дайындығы мен рөлі, осы мәселе аясындағы халықаралық және Қазақстандық тәжірибені саралайды. Зерттеу мақаласының мақсаты инклюзивті білім берудің қазіргі жай-күйін анықтап, педагогтардың дайындығын әлемде бар тәжірибелерді салыстыра отырып талқылау. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ұсыну үшін инклюзия тақырыбындағы зерттеулерді зерделеп, жалпы орта мектептер мен педагогикалық университет студенттері арасында екі блоктан тұратын арнайы сауалнама жүргізіп, инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың теориясы мен практикасы, инклюзивті білім беруге көзқарасы мен қатысуы, педагогтардың білімі мен кәсіби құзіреттіліктерін диагностикалау мақсатында импирикалық талдау, когнитивтік талдау тәсілдері қолданылды. Сауалнама нәтижесі бойынша инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда педагогтардың кәсіби даярлығын қалыптастыруға ұсыныстар берілді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға денсаулығында кінәраты жоқ балалармен бірдей білім беру мәселесі қазіргі таңдағы білім саласындағы өзекті тақырыптардың бірі болғанымен, оны дамыту саласында түрлі шаралар атқарылып жатқанменде әлі күнге дейін терең зерттеулерді қажет етеді, өйткені мұндай балалар саны өсуде. Зерттеу қорытындысы ретінде халықаралық тәжірибені басшылыққа ала отырып түрлі механизмдерді құру керектігі, педагогтардың теориялық білімінен көрі практикалық білімін дамыту қажеттігі ұсынылады.