Аңдатпа
Қазіргі жастардың бойында патриоттық сезімді тұрақты құндылық ретінде қалыптастыру мемлекеттің маңызды идеологиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл міндетті шешуде білім беру жүйесіне ерекше рөл жүктеледі, ол үшін барлық мүмкін ресурстарды пайдалану қажет. Білім беру ұйымдарындағы патриоттық тәрбие нәтижелері осы бағыттағы жұмыстың қоғамдық маңыздылығын түсінуге және білім беру ортасының әлеуетті мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға байланысты.
Осы мақалада Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы білім алушы жастардың патриоттық тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде әскери-патриоттық тәрбиенің жай-күйіне сараптамалық баға берілген.
Зерттеу нәтижелері студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы негізгі мәселелерді анықтап, бағалауға мүмкіндік берді. Талдау барысында бұл мәселелердің жоғары оқу орындарында әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастырудың тұжырымдамалық тәсілге негізделген жүйелі және кешенді жұмысының болмауымен байланысы анықталды. Авторлар студент жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру болашақ маманның кәсіби-педагогикалық және әлеуметтік мәдениетке ие тұлғасын қалыптастырудың тұтас үдерісінің бір бөлігі болуға тиіс деген қорытындыға келеді; бұл тәрбие білім беру үдерісінің мазмұнымен және жоғары оқу орнының тәрбие жұмысының басқа да бағыттарымен интеграциялануға тиіс; барлық білім беру деңгейлерінде сабақтастық принципіне негізделуі қажет.
Жүргізілген зерттеу ғылыми ізденістерге эмпирикалық материал ретінде, сондай-ақ жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланылуы мүмкін.