Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты математикалық анализді оқыту мысалында математикалық білім беруге цифрлық технологияларды кіріктіру факторларын анықтау болып табылады. Зерттеуде 176 респонденттің сауалнама деректері пайдаланылды, олардың 36-сы математика пәнінің оқытушылары, ал 140-ы математикалық анализді немесе оның негіздерін оқып жүрген білім алушылар. Деректерді талдау барысында негізгі компоненттер әдісі (PCA) мен дисперсиялық талдау (ANOVA) пайдаланылды. PCA нәтижесінде жалпы дисперсияның 35,52%-ын түсіндіретін бес компонент анықталып, олардың үшеуі бойынша статистикалық мәнді айырмашылықтар байқалды. Анықталған компоненттер оқытушылардың кәсіби және институционалдық сипаттамаларын, математикалық мазмұнды қабылдау мен оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін, сондай-ақ кәсіби даму мен әдістемелік қолдауды қамтиды. Цифрлық құралдар математикалық ұғымдарды көрсету және абстрактілі идеяларды түсіндіру тұрғысынан жалпы оң бағаланғанымен, оларды қолдану деңгейі білім беру жағдайларына қарай ерекшеленеді. Алынған нәтижелер цифрлық технологияларды тиімді кіріктіру тек цифрлық ресурстардың болуымен ғана емес, оларды қолданудың кәсіби, әдістемелік және білім беру жағдайларымен де байланысты екенін көрсетеді. Зерттеу нәтижелерін математикалық білім беру саласында әдістемелік материалдар мен оқытушылардың кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеуде пайдалануға болады

