Аңдатпа
Қосымша білім беру жүйесінде бүгінгі таңда педагогтердің кадрлық сапасы мәселесі байқалады. Бұл мәселенің шешімі біліктілікті арттыру курстарымен байланысты бола алады. Бұл мәселенің шешімі өз кезегінде біліктілікті арттыру курстарымен байланысты бола алады. Мақалада бұл ретте кәсіби дамуды өзектендіруге ықпалын анықтау мақсатында педагогтердің курстарда оқуға тартылу көрсеткіштерін талдау нәтижелері ұсынылған. Осы мақсатты іске асыру үшін талдау және синтез, сауалнама, бақылау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері педагогтердің курстардағы дамытушылық оқытуға тартылуының ішкі және сыртқы уәждерін (мотивтерін), сонымен қатар факторларын нақтылаумен, уәждер мен факторлардың ұзақ мерзімді әрекет етуіне арналған ортамен, біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңартуға арналған дербестендірумен (персонификациямен) байланысты. Нәтижелердің маңыздылығы атап айтқанда, курстардың білім беру бағдарламаларын жобалаумен (дизайнымен) және қайта жобалаумен (редизайнымен) және жұмыс орнында педагогтердің кәсіби дамуын сүйемелдеуді ұйымдастырумен айқындалады. Осылайша, зерттеу нәтижелері қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері мен әкімшілігі, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер мен біліктілікті арттыру жүйесінің мамандары, білім беру саласындағы талдаушылар мен сарапшылар үшін практикалық құндылыққа ие.

