Аңдатпа
Мақалада болашақ химия мұғалия мұғалімдерін кәсіби даярлауда жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған тәжірибеге бағдарланған курсты енгізу үдерісі мен білім алушылардың қабылдауына негізделген нәтижелері қарастырылады. Зерттеу 2025–2026 оқу жылында педагогикалық университеттің химия мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасында оқитын үшінші курс студенттерінің қатысуымен жүргізілді (n = 48). Зерттеу жұмысы тек практикалық сабақтар форматында өткізілген «Химияны оқытуда жасанды интеллектіні қолдану» курсы аясында жүзеге асырылды.
Зерттеуде бір топқа негізделген барлау сипатындағы зерттеу дизайны, сауалнама, студенттердің оқу әрекеті өнімдерін талдау және сапалық әдістер қолданылды. Нәтижелер студенттердің цифрлық, әдістемелік және кәсіби дағдыларын өзіндік бағалауы негізінен оң деңгейде болғанын көрсетті. Сандық нәтижелер көрсеткіштердің басым бөлігінде «жақсы» және «өте жақсы» деңгейлерінің басымдығын анықтаса, сапалық талдау химияны оқытуда жасанды интеллектіні қолдануға рефлексивті және педагогикалық тұрғыдан негізделген тәсілдің қалыптасқанын көрсетті.
Алынған нәтижелер білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында жасанды интеллектіге бағдарланған курстарды болашақ химия мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесіне кіріктірудің ықтимал білімдік құндылығы мен орындылығын көрсетеді.

