Аңдатпа
Бұл мақала курстан кейінгі кезеңде мұғалімдердің кәсіби даму мақсаттарын қою тәсілдері мен әдістерін қарастырады. Айқын мақсат қою мұғалімнің өзін-өзі басқаруымен жүзеге асырылатын ақпаратқа негізделген кәсіби дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мақала курстан кейінгі кезеңде кәсіби даму мақсаттарын қою үшін мұғалімдерге арналған дараланған кәсіби даму бағдарламаларын жобалауға мүмкіндік беретін мобильді, бапталатын құралдар жинағы түріндегі инновациялық шешімді ұсынады. Зерттеу аясында 21 681 мұғалім арасында сауалнама жүргізіліп, олардың білім алу қажеттіліктері мен курстан кейінгі кезеңдегі кәсіби дамуға қатысты хабардар көзқарастары анықталды. Жауап бергендердің 61 пайызы жақын болашақта кәсіби тұрғыдан қалай дамитыны жөнінде нақты идеялары жоқ екенін хабарлады. Мұғалімдердің 28 пайызы үшін кәсіби даму мақсаттарының формулировкасы біршама абстрактты. Педагогтердің 10 пайызы курстан кейінгі кәсіби даму мақсаттарын нәтиже тұрғысынан анықтап, өз жұмысының өнімін, мансаптық өсу сатысын немесе пәндік оқыту мақсаттарын нақтылады. Сауалнамаға қатысқандардың тек 1 пайызы ғана кәсіби құзыреттерге байланысты мақсаттар қойған. Осы нәтижелердің маңыздылығы – дербестендірілілген кәсіби даму бағдарламасын жобалау кезінде туындайтын қиындықтарды шешудің инновациялық шешімін негіздеуге мүмкіндік беруінде, яғни оның нақты, қолжетімді мақсаттарын мобильді, бапталатын құралдар жинағының патенттелетін пайдалы модель түрінде анықтауға негізделуінде. Жиынтық элементтерінің дараланған визуалды конфигурациясы арқасында оны өзін-өзі модельдеу құралы ретінде қолдану мүмкіндігі мұғалімдердің біліктілігі мен құзыреттеріне қойылатын жаңа талаптар, сондай-ақ жаңа ресурстар мен кәсіби даму формалары пайда болған кезде оны пайдалану әлеуетін көрсетеді.

