БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
PDF

Кілт сөздер

жасанды интеллект, цифрлық құзыреттілік, оқу мотивациясы, өзін өзі реттеу, психологиялық дайындық, технологияларға сенім, цифрлық білім беру ортасы

Аңдатпа

Мақалада жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың педагогикалық және психологиялық аспектілері қарастырылады. Зерттеу интеллектуалды жүйелермен өзара әрекеттесуге студенттер мен оқытушылардың дайындығын, сондай-ақ цифрлық технологиялардың білім алушылардың оқу мотивациясына, когнитивтік үдерістеріне және оқу әрекетіне ықпалын бағалауға бағытталған.

Зерттеуге әртүрлі даярлық бағыттарында білім алатын бірінші және екінші курс студенттерінен құралған 126 адам қатысты. Эмпирикалық деректер сауалнама жүргізу, психодиагностикалық әдістемелерді қолдану және оқу қызметінің ерекшеліктерін бағалау арқылы жиналды.

Зерттеу нәтижелері цифрлық құзыреттілік деңгейі, оқу мотивациясы және интеллектуалды жүйелерге деген сенім жасанды интеллект негізіндегі білім беру платформаларын пайдалану ерекшеліктерімен байланысты екенін көрсетті. Өзін-өзі реттеу дағдылары жақсы дамыған студенттер дербестендірілген оқыту жағдайына жеңіл бейімделіп, оқу қызметінде тұрақты нәтижелер көрсетті. Сонымен қатар цифрлық құзыреттілік пен оқу мотивациясының жоғары деңгейі цифрлық құралдарды белсендірек пайдаланумен ұштасатыны анықталды.

Алынған нәтижелер жоғары білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу кезінде педагогикалық және психологиялық факторларды ескерудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу материалдары білім беру бағдарламаларын жетілдіруде және студенттердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуде практикалық тұрғыдан қолданылуы мүмкін.

PDF