БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ СЫНИ ОЙЛАУ, КОММУНИКАЦИЯ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН СЫНЫП ІШІНДЕ ЖӘНЕ ОДАН ТЫС ОРТАДА ДАМЫТУҒА ӘРІ ҚОЛДАНУҒА ДАЯРЛАУ: XXI ҒАСЫР ТАЛАПТАРЫНА КЕШЕНДІ ДАЙЫНДЫҚ
PDF

Кілт сөздер

XXI ғасыр дағдылары, сыни ойлау, коммуникация, ынтымақтастық, шығармашылық, болашақ мұғалімдер

Аңдатпа

Бұл зерттеу болашақ мұғалімдерді XXI ғасыр талаптарына жан-жақты даярлау мақсатында сыни ойлау, коммуникация, ынтымақтастық және шығармашылық сияқты төрт негізгі дағдыны сынып ішінде және одан тыс ортада дамытуға әрі қолдануға қалай даярлауға болатынын қарастырады. Зерттеу Қазақстанның білім беру саясаты аясында жүргізіліп, сапалық зерттеу әдісіне негізделді. Зерттеу барысында соңғы курс студенттері болып табылатын болашақ мұғалімдермен (n = 15) екі фокус-топтық талқылау және педагогикалық жоғары оқу орны оқытушыларымен (n = 10) жартылай құрылымданған сұхбаттар өткізілді.

Транскрипттерді тақырыптық талдау нәтижесінде (Төрт C ) дағдыларын педагогикалық білім беру үдерісіне енгізуге қатысты үш негізгі бағыт анықталды: (1)  аталмыш дағдылардың артықшылықтары, яғни білім алушылардың белсенділігінің артуы, жоғары деңгейлі проблемаларды шешу дағдыларының дамуы, шығармашылық қабілеттің көрінісі және еңбек нарығы талаптарына сәйкестік; (2) дағдыларды қолдану барысындағы қиындықтары: оқу бағдарламасының шамадан тыс жүктелуі, уақыт пен ресурстардың шектеулілігі, білім алушылардың даярлық деңгейінің әркелкілігі, педагогикалық өзгерістерге сенімсіздік, сондай-ақ технологиялық және әдістемелік даярлықтағы олқылықтар; (3) Төрт С дағдының күшті жақтары мен мүмкіндіктері: жобалық және зерттеуге негізделген оқыту, аударылған сынып тәсілі, технологияларды мақсатты пайдалану, тәлімгерлік пен рефлексивті тәжірибе мәдениеті.

Зерттеу нәтижелері институционалдық қолдау мен жүйелі тәсілдің қажеттілігін көрсетті: икемді оқу бағдарламалары, тұрақты кәсіби даму, цифрлық құралдарға қолжетімділік және мұғалімдердің сенімділігін арттыратын тәлімгерлік құрылымдар. Зерттеу педагогикалық білім беру бағдарламаларына сыни ойлау, коммуникация, ынтымақтастық және шығармашылық дағдыларын жүйелі енгізуге бағытталған практикалық тұрғыдан ұсыныстарды көрсетті.

PDF