Аңдатпа
Бұл мақала орта мектепте дене шынықтыру сабағын заманауи педагогикалық әдіспен өту артықшылығын анықтауға бағытталған. Және геймификация мен заманауи цифрлық фитнес-технологиялардың айырмашылықтарын анықтап, оларды салыстыруды, осы инновациялық тәсілдердің дәстүрлі оқыту тәсілімен салыстыруды мақсат етеді. Ұсынылған зерттеу жұмысы жалпы орта білім беретін мектептегі 9-сынып оқушыларына жүргізілді. Зерттеу барысында геймификация ресурстары қолданылған экспериментті топ, заманауи цифрлық фитнес-технологиялары енгізілген эксперименттік топ және дәстүрлі оқыту әдісімен оқытылған бақылау тобы ретінде үш топ іріктеп алынды. Және апробация барысында претест пен посттест тапсырмалары даярланып, оқушылардың қадам саны, белсенді қозғалыс уақыты, жүрек соғу жиілігі, сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау пайызы секілді мәліметтері алынып, талданды. Алты апта бойы оқушылардың орташа қадам саны, белсенді қозғалыс уақыты, тыныштықтағы және жүктеме кезіндегі жүрек соғу жиілігі, сабаққа қатысуы және тапсырмаларды орындау пайызы тіркелді. Пре-тест пен пост-тест нәтижелерін салыстыру геймификация тобы барлық көрсеткіш бойынша айқынырақ өсім көрсеткенін байқатты. Цифрлық фитнес тобы да физикалық белсенділік параметрлерін жақсартты, бірақ сабаққа қатысу мен тапсырма орындау динамикасы геймификация тобына қарағанда төмен болды. Бақылау тобындағы өзгерістер мардымсыз деңгейде қалды. Алынған нәтижелер дене шынықтыру сабақтарында геймификация мен цифрлық фитнес-технологияларын мақсатты қолдану оқушы белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді
