МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ОҚУ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫ: PRISMA 2020 НЕГІЗІНДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ ЖӘНЕ МЕТААНАЛИТИКАЛЫҚ СИНТЕЗ
PDF

Кілт сөздер

мұғалімдердің кәсіби оқу қауымдастықтары (PLC), жүйелі шолу, PRISMA 2020, метаанализ, тәжірибе қауымдастықтары, кәсіби даму, онлайн кәсіби оқу қауымдастықтары

Аңдатпа

Мақалада 2010–2025 жылдар аралығында жүргізілген мұғалімдердің кәсіби оқу қауымдастықтарына (Professional Learning Communities, PLC) арналған зерттеулерге жүйелі шолу және метааналитикалық синтез ұсынылады. Зерттеудің өзектілігі білім беруді жаңғырту жағдайында кәсіби дамудың ұжымдық формаларының рөлінің артуымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – PLC бойынша зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтау, олардың әдіснамалық сапасын бағалау және кәсіби қауымдастықтардың педагогикалық тәжірибеге дәлелді әсерін айқындау.

Әдіснамалық негіз ретінде PRISMA 2020 протоколы қолданылды. Scopus және Web of Science базаларында жүргізілген іздеу нәтижесінде (n = 484), қайталанатын жазбаларды алып тастау және көпсатылы іріктеу рәсімінен кейін қорытынды талдауға 65 зерттеу енгізілді. Зерттеуде дескриптивті библиометриялық талдау, тақырыптық кодтау және зерттеу дизайнының сапасын бағалау үшін Mixed Methods Appraisal Tool (MMAT) құралдары қолданылды.

Нәтижелер 2015 жылдан кейін жарияланымдар санының тұрақты өсуін, сапалық және аралас әдіснамалардың басымдығын, сондай-ақ PLC-тің мұғалімдердің рефлексиялық тәжірибесіне, өзіндік тиімділігіне және ынтымақтастық мәдениетіне оң ықпалын көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – білім беру саласындағы метаанализде PRISMA 2020, библиометриялық талдау және MMAT құралдарын кешенді біріктіруінде. Практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелерді посткурстық кәсіби қолдау бағдарламаларын жобалауда қолдану мүмкіндігінде.

PDF