EMI – НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ IT ИНЖЕНЕРЛЕРДІҢ ШЕТТІЛДІК КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН ҚҰЗЫРЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ
PDF

Кілт сөздер

EMI (English Medium Instruction), пән мен тілді кіріктіріп оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология, шеттілдік кәсіби бағытталған құзыретін қалыптастыру, ағылшын тілі, болашақ IT инженерлер, қазіргі жағдай

Аңдатпа

Цифрлық экономиканың жаһандануы және IT-индустрияның трансұлттық сипаты, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында шетел тілін, ең алдымен ағылшын тілін білу болашақ IT-инженерлерді кәсіби даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орындарының алдында жоғары білікті мамандарды даярлау міндеті тұр, тек IT саласындағы мамандар ғана емес, сонымен қатар халықаралық жобаларды, кәсіби қауымдастықтарды, бағдарламалық құжаттамаларды қамтитын ағылшын тілді коммуникативтік кеңістікте кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті. Қазіргі кезеңде тілдік емес университеттерде осы құзыретті қалыптастырудың кең таралған тәсілдерінің бірі English as a medium Instruction (EMI) болып табылады. Осыған байланысты, біздің зерттеуіміз EMI-негізінде болашақ IT инженерлердің шеттілдік кәсіби бағытталған құзыретін қалыптастыруға қатысты студенттердің көзқарастары мен қызығушылық деңгейін анықтау және оның қазіргі жағдайын эмпирикалық деректер негізінде сипаттауға бағытталған. Зерттеу барысында теориялық, эмпирикалық және статистикалық әдістер қолданылды. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің IT мамандығынын 132 студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, алынған нәтижелер SPSS Statistics  бағдарламасын арқылы өңделінді. Нәтижелер болашақ IT-инженерлердің шеттілдік кәсіби бағытталған құзыретін қалыптастыруға мүдделі екенін, өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын дамытуға ынталы және ұмтылатынын көрсетті. Сондықтан, осы мәселені шешу арқылы жоғары білім беру ортасында EMI негізінде әзірленген оқу-әдістемелік құралдарды енгізу, EMI негізінде модель әзірлеу, жоғары техникалық білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететін кәсіптік пәндік оқытуды жүйелі тілдік қолдау тетіктерін енгізу ұсынылады.

PDF