Аңдатпа
Қазіргі зерттеулерде өздігінен білім алу дағдылары кеңінен қарастырылғанымен, синергетикалық тәсіл негізіндегі интервенциялардың эмпирикалық тиімділігі жеткілікті зерттелмеген. Осыған байланысты бұл зерттеу синергетикалық қағидаларға негізделген оқу үдерісінің студенттердің өздігінен білім алу дағдыларын дамытудағы әсерін анықтауға бағытталған. Зерттеу жоғары оқу орнындағы педагогикалық мамандықта оқитын 18 студент арасында бір топқа арналған квази-эксперименттік дизайн негізінде жүргізілді (N = 18). Бір апта өзін-өзі ұйымдастыру, өзара әрекет, ашық жүйе және рефлексия қағидаларына негізделген оқу іс - әрекеттері ұйымдастырылды. Студенттердің өздігінен білім алу дағдылары претест және посттест форматында Лайкерт шкаласына негізделген сауалнама арқылы бағаланды. Қолданылған сауалнаманың ішкі үйлесімділігі Кронбах альфа коэффициенті арқылы тексеріліп, құралдың сенімділігі жоғары деңгейде болды (α = 0.830). Талдау нәтижелері интервенциядан кейін студенттердің өздігінен білім алу дағдыларының статистикалық түрде жақсарғанын (Z =-3.208) және айырмашылықтың статистикалық тұрғыда маңызды екенін көрсетті (p < 0.05). Алынған нәтижелер синергетикалық қағидаларға негізделген оқу үдерісі студенттердің өзін–өзі ұйымдасу, рефлексия және ішкі мотивация дағдыларын дамытуға ықпал ететінін көрсетеді. Бұл тәсіл студенттердің оқу үдерісіндегі дербестігін арттыруға және өзіндік реттелетін оқу дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді педагогикалық шешім ретінде қарастырылуы мүмкін.

