ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
PDF

Кілт сөздер

5Е оқыту моделі, GeoGebra бағдарламасы, геометрия, планиметрия, цифрландыру, мектеп оқушылары, есеп шығару

Аңдатпа

Қазіргі таңда мектеп геометрия курсының негізгі мақсаттарының бірі оқушылардың цифрлық қабілеттерін жетілдіру болып табылады. Мақалада оқушылардың цифрлық қабілеттерін дұрыс жетілдіруде математиканың планиметрия бөліміндегі тапсырмаларды Geogebra қосымшасының сүйемелдеуімен 5Е оқыту моделі қолданылған. Зерттеуде кездейсоқ іріктеу әдісімен 50 оқушы таңдалып, эксперимент жүргізілген. Таңдалған оқушылар екі топқа бөлінген. Бастапқы білім деңгейін анықтау үшін зерттеу алды тест және эксперименттің нәтижесін анықтау үшін зерттеуден кейінгі тест алынған. Зерттеу нәтижелерін талдау үшін статистикалық әдіс қолданылған. Сабақтар легі бақылау тобында дәстүрлі түрде оқытылған, ал эксперименттік топта жоғарыда аталған әдіспен оқытылған. Зерттеу соңында экспериментальды топтың оқушылары математикалық ұғымдарды түсінуінде анағұрлым жақсы нәтиже көрсеткен. Зерттеу нәтижелері эксперименттік топтағы оқушылардың геометриялық ұғымдарды түсінуін арттырып, олардың есеп шығару қабілеті мен оқу мотивациясына оң әсер ететінін көрсеткен. Бақылау тобымен салыстырғанда эксперименттік топтың орташа көрсеткіші жоғары болып, бұл әдістің дәстүрлі оқытуға қарағанда тиімді екенін дәлелдеген. Жасалған зерттеу инновациялық оқыту әдістері бойынша еңбектер қорын толықтырып қана қоймай, сонымен қатар цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы оқушылардың математикалық түсінігін жақсартудағы мүмкіндіктерін айқындайды.

PDF