ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ ЕНГІЗІНДЕ ДЕРБЕСТЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ӨСУ ДИНАМИКАСЫ
PDF

Кілт сөздер

педагогтердің кәсіби дамуы, жеке оқу маршруттары, өзін-өзі дамыту стратегиялары, кәсіби дефициттер, өзін-өзі бағалау, оқыту сапасы, цифрлық құралдар

Аңдатпа

Мақала өзін-өзі бағалау құралдарын пайдалану арқылы дербестендірілген оқыту жағдайында педагогтердің кәсіби өсу динамикасын зерттеуге арналған. Жұмыстың мақсаты – тиісті кәсіби даму бойынша курстарды аяқтағанға дейін және кейін өзін-өзі дамыту стратегияларын (SDS) меңгеру деңгейіндегі өзгерістерді талдау. Әдістемелік негіз ретінде мұғалімдерге жеке оқу маршруттарын құруға және өз прогресін тіркеуге мүмкіндік берген кіріспе және қорытынды сауалнамалар алынды. Зерттеуге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 32 педагог қатысты, олардың нәтижелері барлық 13 стратегия бойынша оң динамиканы көрсетті. Әсіресе бастапқыда төмен көрсеткіштері болған бағыттарда (ССр 9–13) айтарлықтай өсім байқалды, бұл кәсіби дефициттерді жоюға мақсатты түрде жұмыс істегенін көрсетеді. Педагогтердің рефлексиялық деңгейінің артуы олардың кәсіби даму процесіне белсенді қатысуына ықпал ететіні және халықаралық диагностикаға негізделген модельдермен үйлесетіні атап өтіледі. Сонымен бірге нәтижелерді объективті әдістермен және әртүрлі деңгей мен типтегі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық тәжірибе құралдарымен әрі қарай растау қажеттілігі баса көрсетіледі.

Ұсынылған тәжірибе кері байланыс тетіктері мен дербестендірілген стратегияларды педагогтердің біліктілігін арттырудың заманауи бағдарламаларының мазмұнына енгізудің маңыздылығын көрсетеді.

PDF