Аңдатпа
Мақалада авторлық бағдарламаны әзірлеудің өзектілігі мен оны өндірістегі сұранысқа сәйкес дайындаудың маңызы қарастырылады. Мұндай бағдарламаларды болашақ педагог кадрлардың кәсіби бағыттылығын ескере отырып жасаудың мәні мен қажеттілігі негізделеді.
Авторлар Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасында жарияланған ғылыми еңбектерге сүйене отырып, авторлық бағдарламаларды мазмұндық және әдістемелік бағыттары бойынша төрт топқа жіктейді: 1) Түпнұсқалық (төларалық); 2) Стандарттарға сәйкестік; 3) Практикалық бағыттылық; 4) Икемділік. Білім беру саласы бойынша алыс және жақын шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде авторлық бағдарламаны Oxford University Press және Passport «Euromonitor International», Б.Н. Ельцин атындағы президенттік кітапхана, Polpred, eLibrary, Google Scholar, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Nauka.kz платформасы бойынша талдау жасап, жоғары білім беру жүйесінде қолданылатын авторлық бағдарламалар мен әлемге танымал табысты авторлық бағдарламаларды жіктейді.
Еліміздегі сараптамалық кеңес туралы ереженің авторлық бағдарламаға қойылатын өлшемдерін толеранттылықтың компоненттерімен байланыстырып, аталған өлшемдер бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті мен Ж. Ташенев атындағы университетте оқитын 4-курс студенттеріне сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі білім беру», «Психология» мамандықтары бойынша 202 студент қатысады. Сауалнама барысында анықталған мәселелерді шешу мақсатында болашақ педагогтердің авторлық бағдарламаны әзірлеу тетіктерін «Сараптамалық кеңес туралы» Ереженің талаптарына сәйкес қарастырып, ұсыныстар берілді.

