Аңдатпа
Жоғары білім беруді жаңғырту жағдайында білім алушылардың кәсіби білімі мен біліктілігі ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандардың икемділігін, бейімделуін және коммуникативтік тиімділігін қамтамасыз ететін әмбебап құзыреттіліктерін қалыптастыру маңызды бағдар болып табылады. Бұл мәселе студенттерді дәстүрлі түрде пәндік (техникалық) дағдылар басым болатын "Физика" сияқты жаратылыстану ғылымдары бойынша даярлау кезінде ерекше өзекті болады. Осы зерттеудің мақсаты бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде "Физика" бағыты бойынша білім беру бағдарламаларында кәсіби және әмбебап құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Эмпирикалық база ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру бағдарламаларының ашық тізілімі (жоғары білім берудің бірыңғай платформасы) пайдаланылды, оның шеңберінде 19 жоғары оқу орны әзірлеген 90 білім беру бағдарламалары талданды. Мазмұнды талдау әдісі қолданылды, оның барысында кәсіби (hard skills) және әмбебап (Soft skills) санатына жатқызылған 1200-ден астам дағдылар тұжырымдары бөлініп, жіктелді. Зерттеу нәтижесінде білім беру деңгейіне байланысты құзыреттілік құрылымының өзгеру үрдістеріанықталып, әмбебап дағдыларды ұсынудағы кемшіліктер анықталды және бағдарламалардың мазмұнын оңтайландыру бағыттары ұсынылды. Зерттеу нәтижелері физика саласындағы мамандарды даярлау бойынша жаңа бағдарламаларды әзірлеу және қолданыстағы бағдарламаларды жаңғырту кезінде пайдаланылуы мүмкін

