ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН КУРСТАН КЕЙІНГІ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖҮЙЕСІ
PDF

Кілт сөздер

педагогтерді курстан кейінгі қолдау жүйесі, үздіксіз кәсіби даму, кәсіби дамуды басқару, рефлексиялық тәжірибе, кәсіби қоғамдастық, ересектерді оқыту, коннективизм

Аңдатпа

Қазақстандағы педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеудің қалыптасқан тәжірибесі жүйелі сипатқа ие емес, себебі ол педагогтердің кейбір кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған жекелеген жобалар мен іс-шаралар арқылы іске асырылады, алайда оның мазмұнын дербестендіруді қамтамасыз ете алмайды. Мақалада мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы контекстінде курстан кейінгі сүйемелдеудің жүйесі ұсынылған. Мақаланың мақсаты – халықаралық тәжірибеге, ересектерді оқытудың заманауи теорияларына және педагогикалық практиканы өзіндік талдау мен рефлексия арқылы кәсіби дамуды басқаруға негізделген педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу жүйесін сипаттау.

Халықаралық тәжірибе мен заманауи оқыту теорияларын салыстырмалы талдау негізінде сандық құралдарды, рефлексиялық тәжірибені және кәсіби қауымдастықты қамтитын кешенді жүйе ұсынылады. Курстан кейінгі сүйемелдеу біліктілікті арттыру курстарында алынған білім мен дағдыларды тәжірибеде қолдану механизмі ретінде қарастырылады. Мұның теориялық негізіне андрагогика, тәжірибелік оқыту, коннективизм, рефлексия арқылы кәсіби дамуды басқару идеясы және инновацияның таралуы моделі кіреді. Білім мен дағдыларды жүзеге асыру үшін әдістемелік қамтамасыз етуді дербестендіруде оқытуды басқару жүйесін (LMS) қолдау және қолдану кезеңдері мен құрамдастары сипатталған. Ұсынылған жүйе әртүрлі білім беру жағдайында мұғалімдерді әдістемелік қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу және сынақтан өткізу үшін пайдаланылуы мүмкін.

PDF