Аңдатпа
Мақалада алғаш рет химияны ағылшын тілінде оқыған 11-сынып оқушыларымен жүргізілген зерттеу нәтижелерінің деректері талданады. Пәндерді ағылшын тілінде оқыту стратегиялық артықшылықтарға ие болғанымен, ол елеулі тәуекелдермен де байланысты. Сондықтан қолда бар тәжірибені жинақтап, талқылау аса маңызды. Бұл тәсіл оқыту сапасын арттыруға, тиімді білім беруді қамтамасыз етуге және бәсекеге қабілетті оқушыны қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеудің мақсаты – оқушылардың химияны ағылшын тілінде меңгеруі барысында ашық тапсырмаларда жіберетін ең жиі кездесетін қателерін анықтау.
Авторлар деректерді өңдеу мен талдаудың эксперименттік әдістерін қолданды: жүйелеу, жіктеу, салыстыру және нәтижелерді талдау. Барлық айнымалылар біріңғай физикалық шамалар жүйесінде бағаланды. Зерттеуде 65 он бірінші сынып оқушысының бірінші және екінші тоқсандардағы жиынтық бағалау тапсырмаларының ашық сұрақтарына берген жауаптары талданды, жеті негізгі қате түрі айқындалды. Қателердің сұрақ түрлеріне, тоқсандарға, жауаптар үлесіне және оқушыларға тәуелділігі көрсетілді.
Барлық қателер жеті санатқа топтастырылды, жіктелудің сенімділігі жұмыстардың 20 %-ын айқаспалы модерациялау арқылы қамтамасыз етілді. Нәтижелер қателердің көпшілігі пәндік білім мен академиялық тілге байланысты екенін көрсетті, ал ағылшын тілін меңгеру деңгейі шешуші фактор болып табылмайды. CLIL бойынша халықаралық зерттеулермен салыстыру анықталған үрдістердің әмбебаптығын, сондай-ақ қазақстандық контексте байқалатын жергілікті ерекшеліктерін дәлелдеді. Алынған деректер негізінде мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне практикалық ұсыныстар ұсынылды.