СТУДЕНТТЕР ҮШІН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ӘЗІРЛЕУ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
PDF

Кілт сөздер

цифрлық құралдар, мобильді қосымша, мобильді оқыту, цифрлық құзыреттілік, тіл үйрену, педагогикалық университеті, интерактивтілік

Аңдатпа

Мобильді оқыту заманауи білім беру үрдістеріне оң әсер етіп, студенттердің оқуға деген көзқарасын өзгертеді. Зерттеудің мақсаты – студенттердің шет тілін меңгеру деңгейін арттыру және олардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру үшін мобильді қосымшаны әзірлеу процесін сипаттау. Жұмыс барысында теориялық талдау, әдебиеттерге шолу, мобильді оқытуды пайдалану тәжірибесі, контент-талдау, сонымен қатар параметрлік емес статистикалық әдіс Mann-Whitney U-test және SPSS Statistics бағдарламалық қамтамасыз ету 27.0 нұсқасын қамтитын әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеуіміздің эмпирикалық бөлігі автордың “Grammapp” мобильді қосымшасын сынау және енгізу нәтижелеріне негізделді. Зерттеуге Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің болашақ ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, 2 курстың 58 студенті қатысты. Жиналған деректер 2024-2025 оқу жылындағы аралық бақылау нәтижелері бойынша талданған. Зерттеу нәтижесінде эксперименттік топ оқушыларының ағылшын тілін меңгеру деңгейі 17.2%-ке артып, студенттер мобильді оқу құзыреттіліктерін де көрсетті

PDF