Аңдатпа
Цифрландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жағдайында STEM білім беру жүйелерін жаңғыртудың басым бағытына айналуда. Бұл мақалада STEM тәсілін жүзеге асырудағы халықаралық тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасалып, Финляндия, Сингапур және АҚШ секілді елдерге баса назар аударылады. Анализ халықаралық зерттеулер мен есептерге негізделген бес негізгі критерий бойынша жүргізілді. Атап айтқанда: OECD (мысалы, PISA шеңбері) есептері, STEM саясатына қатысты ЮНЕСКО материалдары, АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының (NSF) талдамалық шолулары, сондай-ақ Сингапур мен Финляндияның білім беру стратегияларындағы тәжірибелер. Бұл критерийлерге мыналар кіреді: STEM-нің институционалдану деңгейі, оны енгізудің ауқымы мен тереңдігі, мектептер, мұғалімдер мен оқушылардың қатысу дәрежесі, мемлекеттік және жеке сектордың рөлі, PISA сияқты халықаралық бағалаулар мен цифрлық трансформацияға қатысу арқылы өлшенетін іске асыру тиімділігі. Цифрлық және технологиялық дамудың жедел үдерісінде STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) білім беру – өзгерістерге бейімделе алатын ұрпақты даярлаудың негізгі факторы болып отыр. Зерттеудің мақсаты – STEM-ді жүзеге асырудың тиімді модельдерін анықтап, Қазақстан білім беру жүйесінде бұл бағытты дамытуға арналған стратегиялық бағыттарды белгілеу. Зерттеу нәтижелері аталған елдердің тәжірибесінде STEM-ді тиімді енгізудің нақты құралдары мен тетіктері бар екенін көрсетті. Мақалада алынған нәтижелер негізінде, STEM білім беру жүйесін тиімді іске асыру елдің адами капиталын дамытуға, технологиялық өзгерістерге бейім ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретіні көрсетілді.