МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҺАНДЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: SCOPUS ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ПАЙДАЛАНЫП БИБЛИОМЕТРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
PDF

Кілт сөздер

библиометриялық талдау
автор кілт сөзі
мектеп географиясы
оқыту
Scopus мәліметтер базасы
VOSviewer

Аңдатпа

География пәнін мектепте оқыту оқушыларға қоршаған орта туралы дағдылар мен білім береді. Осының нәтижесінде мектеп деңгейіндегі оқу бағдарламасын жасағанда географиялық тұжырымдамалар, теориялар мен тақырыптар қарастырылуы керек. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – мектеп географиясын оқыту бойынша ғылыми зерттеулердің әлемдік тенденциясын көрсету. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеуде анықталған проблемаларды шешу жолдарын ұсынуға негіз болып табылады. Мектептегі географияны оқытуды зерттеу бойынша әртүрлі мақалалар Scopus деректер қорын пайдалану арқылы алынды. Scopus анализаторы құжаттардың жыл, дереккөз, ел, кілт сөздерді тарату және т.б. бойынша кейбір талдау нәтижелерін алу үшін пайдаланылды. VOSviewer 1.6.17 нұсқасы бірлескен авторлық және кілт сөздердің бірігуі сияқты әртүрлі бірліктерді талдау үшін қолданылды. Статистикалық талдау және желілік талдаулар Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және Австралия зерттеушілердің мақалалары бүкіл әлемдік басылымдардың 50%-ға жуығын құрайтынын  және олардың басқа елдер мен аумақтардан ғылыми зертеулер бойынша көш ілгері екенін көрсетті. Нәтижелер сонымен қатар үздік 10 елдің ең өнімді екі университеті Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарына тиесілі екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелерінен тағы бір байқағанымыз, ұлттық және халықаралық бірлескен авторлық желілерге қатысатын зерттеушілердің санының артуына қарамастан, көптеген зерттеушілер бір-бірінен салыстырмалы түрде оқшауланған. Қорытындылай келе, мектеп географиясын оқыту тақырыбына арналған зерттеулер дамыған ағылшын тілді елдер мен кейбір батыс елдерінің ғалымдарының бастамасымен зерттелді және қызығушылықтың тұрақты өсімі тек соңғы 5 жылдықта ғана байқала бастады деп айтуға болады. Әртүрлі параметрлерді желілік талдау нәтижесі мектеп географиясын оқытудағы құзыреттіліктерді және оның тұрақты дамуға қосқан үлесін арттыру тұрғысынан одан әрі зерттеулерге үлес қосудың көптеген мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.

PDF