БОЛАШАҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ЖАҢА БАСТАҒАН ПЕДАГОГТЕР АРАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ДАМУДЫҢ МОТИВТЕРІ МЕН ӘРЕКЕТТЕРІ
PDF

Кілт сөздер

үздіксіз кәсіби даму, болашақ педагогтер, қызметін жаңа бастаған педагогтер, жобалық конкурс, құзыреттері ҮКД, ресми, бейресми және ақпараттық білім.

Аңдатпа

Ғылыми мақалада Қазақстанның білім беру жүйесіндегі педагогтердің қызметтен кету мәселесі айқындалған. Оның шешімі болашақ және қызметін жаңа бастаған педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы, қоғамның педагогикалық қызметке көшуде күрделі талаптардың өсу жағдайында мамандыққа біртіндеп өтудегі әртүрлілікке  бейімделу мотивтері туралы зерттеумен байланысты. Мақаланың мақсаты - болашақ және жаңа бастаған педагогтердің конкурстық материалдарында ұсынылған мотивтер мен әрекеттерді зерттеу. Бұл конкурстар оқу және педагогикалық салалармен біріктірілген кәсіби даму қызметіне бағытталғандығымен ерекшеленеді. Зерттеу барысында жобалық конкурстар арқылы деректерді алу әдістері, оларды кәсіби даму саласының құрылымындағы оқу және педагогикалық қызметті бақылаумен сәйкестендірілетін, сапалық-сандық түсіндіру қолданылды. Зерттеу нәтижелері оқу және жұмыс орнында үздіксіз кәсіби дамуды ұйымдастырумен байланысты. Олардың практикалық маңыздылығы нәтижелерді ресми, бейресми және  күнделікті өмірлік тәжірибесі арқылы білім алу негізінде және lifelong, lifewide, lifedeep learning моделін іске асыру жағдайында болашақ педагогтердің кәсіби даярлығы және мансаптарын  ерте бастаған педагогтердің сапасын арттыру үшін қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

PDF