МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТИІМДІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ
PDF

Кілт сөздер

кәсіби даму; мектепке дейінгі ұйымның әдіскері; біліктілікті арттыру; қажеттіліктерді диагностикалау; білім беру бағдарламасы; кәсіби дефициттер; кәсіби құзыреттілік

Аңдатпа

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған біліктілікті арттырудың тиімді білім беру бағдарламасын кәсіби қажеттіліктерді диагностикалау негізінде құру тәсілі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі әдіскерлердің кәсіби қызметіндегі нақты дефициттерге бағытталған бағдарламаларға көшу қажеттілігімен байланысты.

Зерттеудің мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдардың (бұдан әрі – МДҰ) әдіскерлерінің кәсіби қиындықтарын анықтау және зерттеу барысында алынған деректер негізінде құрылған білім беру бағдарламасының тиімділігін тексеру.

Зерттеудің әдіснамалық негізі қолданбалы педагогикалық талдау қағидаттарына негізделген. Негізгі әдіс ретінде әдістемелік, ұйымдастырушылық, жоспарлау және пәндік қызметтегі қиындықтарды анықтауға бағытталған ашық сұрақтардан тұратын сауалнама қолданылды. Зерттеуге Солтүстік Қазақстан облысынан 81 әдіскер қатысты, бұл іріктеменің толық репрезентативтілігін қамтамасыз етті.

Контент-талдау нәтижелері кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған ең өзекті бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді. Осы бағыттар негізінде біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасын жобалаудың алгоритмі құрылды. Бұл алгоритм келесі кезеңдерді қамтиды: қажеттіліктерді диагностикалау, мазмұнды әзірлеу, оқытуды ұйымдастыру және оның тиімділігін бағалау. Құрастырылған бағдарлама бойынша Қазақстанның түрлі өңірлерінен 1100-ден астам әдіскер оқудан өтті. Бағдарламаның мазмұнының, оқу материалдарының және жекелеген тақырыптық модульдердің сапасын бағалау тыңдаушылардың жоғары қанағаттанушылығын көрсетті. Сонымен қатар, курстар соңындағы тестілеу нәтижелерінде оң серпін байқалды.

Қажеттіліктерді алдын ала анықтау негізінде біліктілікті арттыру бағдарламаларын жобалаудың орынды екенін дәлелдейтін қорытындылар диагностикалық тәсілдің өзектілігін, кәсіби дефициттерді ескере отырып мазмұн құрудың маңыздылығын және жүзеге асырылған алгоритмнің жоғары тиімділігін көрсетеді. Бұл бағдарламалардың практикалық маңыздылығы мен нәтижелілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

PDF