АТА-АНАЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУЫНЫҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫ
PDF

Кілт сөздер

ата-ананың қатысуы, мектеп стратегиясы, ынтымақтастық, кәсіби білім, мектеп-отбасы серіктестігі, ата-аналар жиналысы, білім беру мекемелері

Аңдатпа

Зерттеу мақаласында қазіргі қоғамда білім беру мекемелеріндегі, атап айтқанда мектептердегі ата-ана-мұғалім-оқушы серіктестігі мәселесі қарастырылады. Аталмыш мәселе бүгінгі таңда өте өзекті, өйткені мектеп мұғалімдері мен ата-аналар арасында мәселелер туындап қалады, олардың ортақ мақсаты оқушылардың әл-ауқаты мен білім алудағы жетістіктеріне әсер ету болуы тиіс. Зерттеу мақаласының мақсаты – зерттеу тақырыбына сай негізгі терминдерді анықтау, тиімді серіктестік құруда кездесетін негізгі кедергілер мен факторларды терең талдау және осы қарым-қатынасты жақсарту жолдары мен әдісін ұсыну. Сонымен қатар, авторлар ата-аналардың мектеп ұйымдастыратын шараларға қатысуының негізгі аспектілерін сипаттайды.

Зерттеу әдістері - сипаттамалық, аналитикалық және прагматикалық талдау. Зерттеудің әдістемесі тақырып бойынша бұрыннан бар идеяларды талдау, зерттеу мәселесіне кәсіби және жеке көзқарастар беру. Мақала толығымен практикалық сарында және мақала авторлары ата-ана-мұғалім-оқушы серіктестігін жақсарту үшін практикалық ұсыныстар мен прагматикалық көзқарастар береді.

Зерттеу нәтижелері бұл тақырыптың әліде өзекті екенін, мектеп пен отбасы серіктестігін жақсарту үшін нақты шешімдер мен ұсыныстар қажет екенін көрсетеді. Авторлар ата-аналарды мектепке тарту бойынша бірқатар ұсыныстар береді, дамыған елдердің тәжірибесін салыстырады, Қазақстанда ата-ана-мұғалім серіктестігін жақсарту үшін практикалық кеңестер ұсынады. Зерттеудің практикалық маңызы мақала авторларының ұсынған мектеп мұғалімінің ата-анамен, балалармен қарым-қатынасын жақсартып, жұмыс жасауы үшін өзін-өзі тексеру немесе осы байланысты дамытуда көңіл бөлуі тиіс сұрақтар тізімін беруі. Авторлар мектеп пен жанұя серіктестігінің әлемдік тәжірибесі ата-ананың мектеп өміріне араласуы оң әсер ететінін, ол барлығына пайдалы екені және бұдан балалардың әл-ауқаты жақсарады деген тұжырымға келеді.

PDF