ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҚЫТАЙ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР
PDF

Кілт сөздер

шет тілдері
интерактивті әдістер
қытай тілі
цифрлық технологиялар
геймификация
жасанды интеллект
мобильдік қосымшалар

Аңдатпа

Қазіргі білім беру үдерісінде оқытудың интерактивті әдістерін қолдану шет тілдерін, оның ішінде қытай тілін үйренудің құрамдас бөлігіне айналуда. Бұл тәсіл студенттердің сабаққа белсенді қатысуына ықпал етеді және күшейтеді, оқуға деген ынтасы мен тиімділігін арттырады. Динамикалық және интерактивті білім беру ортасын құруға мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі мол. Зерттеу мақаласының негізгі мақсаты – қытай тілін оқытуда интерактивті әдістердің тиімділігін анықтау және ұсыныстар беру.

Мақалада геймификация, виртуалды тіл платформалары, бейімделген онлайн платформалар, мобильді қосымшалар және жасанды интеллект сияқты цифрлық технологияларды пайдаланып қытай тілін оқытудағы интерактивті әдістердің тиімділігі талқыланады. Қытай тілінің фонетикасын, иероглифтер мен грамматикасын оқытуда және студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуда цифрлық құралдарды практика жүзінде пайдалануға ерекше көңіл бөлінді.

Зерттеу заманауи педагогикалық тәсілдерге, сондай-ақ қытай тілін оқытуда цифрлық технологияларды пайдаланатын мұғалімдер мен студенттердің тәжірибесіне талдау жасауға негіздеді. Зерттеу нәтижелері интерактивті әдістер мен цифрлық ресурстарды біріктірудің тілді тереңірек меңгеруге, білім алушылардың дербестігін дамытуға және мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететінін анықтап берді. Зерттеу нәтижелерін қытай тілін оқыту әдістемесінде, практикалық сабақтарды жоспарлауда қолдану мүмкіндігі бар.

PDF