Аңдатпа
Мақалада қызметін жаңадан бастаған педагогтердің өзіндік тиімділігін дамытуға конструктивті және трансмиссивті тәлімгерлік тәсілдерінің әсері қарастырылады. Негізгі мәселе білім беру процесінде педагогтердің кәсіби сенімділігі мен өзін-өзі басқару қабілетін арттыру контексінде әртүрлі тәсілдердің тиімділігі жеткіліксіз зерттелгендігінде болып отыр. Білім беру стандарттарындағы өзгерістер жағдайында оқытудың сапасын арттыру үшін тәлімгерлік тәсілдерін оңтайландыру қажеттілігі туындайды. Зерттеудің мақсаты — Қазақстандағы қызметін жаңадан бастаған педагогтердің өзіндік тиімділігіне конструктивті және трансмиссивті тәлімгерлік тәсілдерінің әсерін талдау және олардың кәсіби дамуына ықпал ететін факторларды анықтау. Зерттеу әдістеріне салыстырмалы талдау, тәлімгерлермен және қызметін жаңадан бастаған педагогтермен сұхбат, сондай-ақ өзіндік тиімділік деңгейін бағалау үшін сауалнама жүргізу кіреді. Мақала теориялық талдауға және бақылаулар мен сауалнамалар барысында жиналған эмпирикалық деректерге негізделген. Зерттеу нәтижелері конструктивті тәлімгерлік тәсілінің қызметін жаңадан бастаған педагогтердің өзіндік тиімділігін дамытуға трансмиссивті тәсілмен салыстырғанда айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. «Сәйкессіздік әсері» анықталды, оған сәйкес конструктивті тәлімгерлік оқытудың оң көзқарастарымен сәйкес келген жағдайда ең тиімді болды. Тәлімгерлік стилі мен шәкірттердің педагогикалық сенімдері сәйкес келмеген жағдайларда қызметін жаңадан бастаған педагогтерді өз көзқарастары мен тәжірибелерін қайта қарауға итермелеген когнитивті диссонанс пайда болды, бұл олардың өзіндік тиімділігін арттыруға ықпал етті. Нәтижелер қызметін жаңадан бастаған педагогтерде тұрақты кәсіби ұстанымды қалыптастыру үшін тәлімгерліктің қолайлы әдістерін таңдаудың маңыздылығын атап көрсетеді.