Аңдатпа
Жүргізілген ғылыми зерттеуде STEM білім беру негізінде бастауыш сынып оқушыларының пәндік білігін қалыптастыру әдістемесі қарастырылған. Оның барысында жалпы STEM білім беру жүйесінің нақты зерттеу білігін, ізденім білігін, тәжірибе жасау білігін, жоба жүргізу білігін, тілдік-коммуникативтік білігін қалыптастыруға бағытталған. Зерттеуімізге сай әдістемеге негіз болатын модельдің жүзеге асырылу жүйесі мен құрылымы үлкен зерттеу барысында көрсетілген. Аталған зерттеу кезінде тек қалыптастыру әдістемесін ұсыну жоспарланған. Осы орайда, STEM білім беру негізінде бастауыш сынып оқушыларының пәндік білігін қалыптастыру әдістемесінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын STEM білім беру барысында алған білімдерін өмірдегі қажеттіліктеріне сай қолдану біліктерін қалыптастыратын оқу мазмұнын, әдістер мен амал-тәсілдердің жүйесін жасақтау. Бұл мақсат аясында, зерттеу барысында келесі міндеттер өз шешімін табады: STEM білім берудің қажетті дағдыларды дамытудағы мүмкіндіктеріне талдау жүргізіледі, анықтау эксперименті негізінде арнайы сауалнама мен тапсырмалар арқылы күнделікті шынайы өмірдегі мәселелерді айқын танып, қоршаған табиғи орта мен әлеуметтік ортаның маңызды орнын түсінуіне, STEM мәселелері бойынша өзіндік шешімдер жасауына тірек болатын білім мазмұны мен пәндік біліктерін қалыптастыру мүмкіндігі анықталады; STEM білім беруде зерттеу, ізденім, тәжірибе, жобалау, тілдік-коммуникативтік шешім түріндегі пәндік біліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктері көрсетіледі. Зерттеу кезінде талдау, саралау, салыстыру, педагогикалық эксперименттің алдында бастауыш сынып оқушыларының STEM білім алуы негізінде пәндік білігінің қаншалықты қалыптасқандығын анықтау әдістері пайдаланылды. Алынған теориялық және анықтау эксперименті бойынша нақты тұжырымдар мен болашақ қалыптастыру мен бақылау экспериментіне негіз болатын ұсынымдар берілді.