Аңдатпа
Бұл зерттеудің маңыздылығы қазақстандық жастардың жапон аниме-мәдениетіне деген қызығушылығының артуына, сондай-ақ болашақ аудармашы студенденттерді даярлаудың маңызды элементі ретінде аудиовизуалды аударманың сапасын жақсартуға ықпал ету үшін аудиовизуалды аударма саласындағы қазақстандық жоғары білім берудегі өзгерістер қажеттілігіне байланысты.
Зерттеудің мақсаты жапон аниме дубляжының аудиовизуалды аударма дағдыларын дамытуға, сондай-ақ қазақстандық аудармашы студенттердің арасында ағылшын тілі мен мәдени хабардарлық деңгейін арттыруға қаншалықты ықпал ететінін бағалау болып табылады.
Колбтың оқу процесінің эмпирикалық моделі негізінде жатқан осы зерттеу төрт қатысушыны қамтиды: аниме дубляжы процесінің баяндаушысы болған екінші курстың бір аудармашы студенті, сондай-ақ студенттің жазбаларын талдаған үш сарапшы.
Зерттеу тілдік және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, мәдени және кәсіби хабардарлықты дамыту, мотивацияны арттыру сияқты бес артықшылықты; аударма, дубляждың актерлік дағдылары, жүйелілік және бейімділік сияқты төрт қиыншылықты; сонымен қатар тәжірибе, аудиторияны білу, уақтылы кері байланыс және тәлімгерлік сияқты төрт педагог техникаларын анықтай алды. Бұның барлығы қазақстандық аударма саласындағы болашақ мамандардың аудиовизуалды аударма дағдыларын табысты дамыту үшін одан әрі зерделеуді және қолдануды талап етеді.
Осы зерттеуде оны бір үлгіде құруға қатысты шектеулеріне қарамастан, алынған нәтижелер бәсекеге қабілетті аудиовизуалды аудармашыларды даярлауға қатысты құнды кеңестер арқылы Қазақстанның әлемдік аренада ілгерілеуіне елеулі үлес қосады. Зерттеу нәтижелерінің екі қазақстандық ЖОО-ның білім беру бағдарламаларына енгізілгені бұл зерттеудің еліміздің жоғары білім беруін дамыту үшін практикалық маңыздылығын растайды.