ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ

2013 жылдың маусымынан бастап жарық көрді. ISSN 2308-4626

Журналдың мақсаты – білім беру саласындағы өзекті мәселелерді жариялауға, біртұма ғылыми зерттеулермен және бұрын жарияланбаған нәтижелермен алмасуға, ғылыми қоғамдастықта жаңа білім мен жаңалықтарды таратуға мүмкіндік беру.

Журнал ғылыми идеяларды, нәтижелер мен әдіснамаларды талқылауына,   ғылыми пікірталастардың дамуына,  ғылыми қоғамдастықтың бірігуіне ықпал етеді.

Тақырыптық бағыт –  Білім беру және педагогикалық зерттеулер

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген (23.01.2025 г., приказ № 47).

Ашық қолжетімділік саясаты

«Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы – Өрлеу. Вести непрерывного образования» – ашық қолжетімді журнал. Барлық мақалалар пайдаланушыларға кіру, оқу, жүктеу және басып шығару үшін тегін. Басылым ашық қолжетімді журналдар үшін авторлық құқықтар туралы ережелерді қолданады Creative commons https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/?ref=chooser-v1

Журнал отандық, шетелдік авторлардың, жас зерттеушілердің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалаларының қолжазбасын жариялауға қабылдайды.

Журнал екі жақты «соқыр» рецензиялау әдісімен мақалалардың қолжазбаларына сараптама жүргізу арқылы ғылыми жарияланымдардың жоғары стандарттары мен сапасын қамтамасыз етеді. Білім беру саласындағы сарапшылар ұсынылған мақалаларды олардың ғылыми сенімділігі, әдіснамасы мен өзектілігі тұрғысынан бағалайды.

Редакциялық алқасының құрамында халықаралық деректер базасында Хирш индексі бар жетекші отандық және шетелдік сарапшылар бар.

Шығарылымдарының жиілігі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).

Құрылтайшысы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты.

Редакция мекенжайы: Қарағанды қаласы, Жәнібеков көшесі, 42