Аннотация
Қазіргі уақытта аутистік спектрлі бұзылысы бар балалар дефектологтардың, логопедтердің, психологтардың және аутизмнің пайда болу теорияларын белсенді зерттейтін, диагностикалық тәсілдерді дамытатын, сондай-ақ кешенді диагностиканың әртүрлі технологияларын және осы санаттағы баланы тәрбиелеп отырған отбасын түзетудің, сүйемелдеудің әртүрлі әдістерін жасайтын басқа мамандардың назарын өзіне аударып отыр. Аутистік спектрлі бұзылысы бар балалардың негізгі проблемаларының бірі – сөзді түсінбеушілік, оның ұғымдық жағының бұзылуы, логикалық ойлаудың болмауы, эмоционалды байланыстың болмауы, нәтижесінде ерте жаста баланың коммуникативті сөйлеу дағдылары мен қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптаспауы мен дамымауы.
Мақаланың мақсаты – аутистік спектрлі бұзылысы бар бастауыш мектеп жасындағы балаларда сөйлеудің ұғымдық беріктігін қалыптастырудың оңтайлы әдістерін пәндік-практикалық іс-шаралар арқылы зерттеу және олардың тиімділігін анықтау.
Зерттеу әдістері – психологиялық дамудың түрі ретінде белгілі ғалымдардың, атап айтқанда, К.С.Лебединскаяның, Е.Р. Баенскаяның, Л.С. Выготскийдің, О.С. Никольскаяның, М.М. Либлингнің, М.И.Лынскаяның, Р.А. Сулейменованың, Г.А. Ильмуратованың, А.К. Ерсаринаның, З.Б. Джангельдинованың, З.Б.Айтжанованың зерттеу еңбектеріндегі аутистік спектрлі бұзылысы бар балалар туралы көзқарастары, ой-пікірлері негізге алынды.
Қорытындылай келе, зерттеу проблемасы бойынша, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер талданды, аутистік спектрлі бұзылысы бар бастауыш мектеп жасындағы балалардағы сөйлеудің ұғымдық беріктігінің даму деңгейі аңықталды. Қалыптастырушы экспериментті жүргізу үшін жаттығулар бейімделіп, құрастырылды және тәжірибе барысында қолданылды. Соңында, алынған қорытындылар бойынша зерттеу нәтижелері анықталып, мектеп оқушыларына эксперимент ретінде қолданылып, анализ жасалып, гипотеза анықталып, математикалық ситатиска динамика негізінде өңделді.