ПРАКТИКАҒА БАҒДАРЛАНҒАН ТӘСІЛ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Abstract

Мақала мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының біліктілігін практикаға бағдарланған тәсіл негізінде арттыру мәселелеріне арналған. Бұл жұмыста «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген үздіксіз кәсіби даму моделі ұсынылған.

Модель теория мен практиканы ықпалдастыруға, заманауи андрагогиялық әдістерді пайдалануға және коллаборативті білім беру ортасын құруға негізделген. Зерттеу нәтижелері практикаға бағдарланған бағдарламаның педагогтердің кәсіби құзыреттерінің айтарлықтай өсуіне, олардың қазіргі заманғы мектепке дейінгі педагогика міндеттерін шешуге дайындығына ықпал ететінін дәлелдейді.

Зерттеудің мақсаты – осы тәсілді таңдауды негіздеу, оның педагогтердің кәсіби дамуында қолданылуын талдау және олардың біліктілігін тиімді арттыруға ықпал ететін іс-әрекет түрлері мен формаларын айқындау.

Модельдің тиімділігі «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасының үлгісінде талданған. Бағдарламаның құрылымы квазикәсіби қызметті, практикалық дайындықты, әрекеттегі зерттеуді және курстан кейінгі қолдау кезеңін қамтиды. Нәтижені бағалау үшін диагностикалық әдістер қолданылған: сауалнамалар, тестілеу және ойын құзыреттілігі деңгейін бағалау әдістері (автор – Е. И. Рзаева).

Зерттеу нәтижелерi педагогтардың кәсiби құзыреттерiнiң едәуiр артқанын, олардың қазiргi заманғы мектепке дейiнгi педагогика мiндеттерiн шешуге дайындығын көрсетедi. Басты назар рефлексияға, квазикәсіби қызметке және қалыптасқан кәсіби дағдылардың тұрақтылығына аударылған.

Мақала материалдары педагогтерге, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер мен зерттеушілерге, мектепке дейінгі білім беру саласында мамандар даярлауды жетілдірумен айналысатындарға пайдалы болады.

 

PDF