Аннотация
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту процестерінің басым бағыты ретінде педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының маңыздылығы атап өтілді. Бірқатар мәселелердің ішінде "мұғалімдердің сабақтарды, қызметтегі зерттеулерді зерделеу бойынша біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі" проблемасы көрсетілген. Сабақты зерделеудің бір түрі - "Lesson Study".
Lesson Study-педагогикалық практиканы жетілдіруге ықпал ететін педагогикалық проблемаларды, сабақта оқыту проблемаларын шешудің ерекше нысаны болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study тәсілінің негізгі бағыты мұғалімдердің ынтымақтастығы, тәжірибе алмасу және сабақтарды бірлесіп жоспарлау және талдау арқылы оқу тәжірибесін жақсартуға бағытталған.
2012 жылдан бастап Қазақстандағы әрбір бесінші мұғалім деңгейлік курстарда оқытылды, олардың курстан кейінгі қолдауы Lesson Study негізінде жүзеге асырылады. Алайда мектепте оқу-әдістемелік жұмыс аясында ашық сабақтар өткізу форматы басым. Мұғалімді аттестаттау барысында ашық сабақ аяқталғаннан кейін институционалды түрде белгіленген "сабақты бақылау парағы" толтырылады, "Lesson Study" тәсілі және оған сәйкес бақылау нысандары мұндай мәртебеге ие болмайды.
Бұл зерттеуде мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін құрал ретінде "Lesson Study" тәсілін институционализациялау қажеттілігі негізделген. "Lesson Study (Сабақты зерттеу) тәсілін іске асыру бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық" оқу-әдістемелік құралында ұсынылған талдау негізінде Қазақстанда "ашық сабақтарды"өткізу әдістемесіне және Жапонияда "Lesson Study" тәсілін іске асыру әдістемесіне салыстырмалы талдау жүргізілді.