Аннотация
Мақалада мектепке дейінгі ұйымда тілдік ортаны қалыптастыру, ерте жастан тілге баулу (погружение в язык) мәселесін зерттеу мақсатында әдебиеттерге жалпы шолу ұсынылады. Авторлар мектеп жасына дейінгі балалардың бір тілде (қазақ тілінде) таза сөйлей алмайтыны жиілеп бара жатқанын негізгі мәселе ретінде қарастырады.
Авторлар жұмыстағы басты назарды жоғарыда аталған мәселені шешуге тиімді деп «тілдік ортаға баулу» әдістемесіне аударады.
Тілдік ортаға баулу әдістемесінің тиімділігі осы тақырып бойынша шетелдік әдебиеттерді шолу нәтижесінде алынған халықаралық инновациялық тәжірибемен негізделген. Авторлар тілдік ортаға баулу әдістемесін кез келген жаста, соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын, грамматикалық дағдыларын және тыңдап түсінуін дамыта отырып, тілді тезірек және тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін әдістеме деп қарастырады.
Авторлар әдебиеттерге шолу жасай келе мектепке дейінгі ұйымдарда тілдік ортаға баулу бойынша отандық зерттеулердің жеткіліксіздігін және мемлекеттік тілдегі материалдардың аз қамтылғанын анықтап, осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізу қажет екенін айтады.
Қорытындысында осы тақырыптағы тәжірибелерге одан әрі зерттеу және талдау жүргізудің маңызды екенін және мектепке дейінгі ұйымдарда тілдік ортаны қалыптастыру бойынша отандық тәжірибелерді дамыту қажеттілігін атайды.