САНДЫҚ ҚАТАРЛАР ТЕОРИЯСЫН ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
PDF

Ключевые слова

высшее учебное заведение, будущий учитель математики, исследовательская деятельность студентов, метод проблемного обучения, метод проектного обучения, теория числовых рядов, проблемные вопросы, исследовательские задачи

Аннотация

Педагогикалық жоғары оқу орындарында математика мұғалімдерін даярлау үдерісінде болашақ кәсіби қызметінде қолдануға қажетті кәсіби-әдістемелік дағдылары мен зерттеушілік қызметін қалыптастыру маңызды мәселе болып табылады. Бұл мәселенің шешімі болашақ математика мұғалімдері студенттердің зерттеушілік қызметін қалыптастырудың құралдары мен әдістемелік тәсілдерін жасаудан тұрады.

Мақалада студенттерді оқыту үдерісіне белсенді қатыстыру және олардың шығармашылық әлеуетін ашу үшін жобалау зерттеу қызметтерін енгізудің теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылып, сандық қатарлар теориясын оқыту үдерісінде зерттеушілік есептерді шығарудың әдістемесі нақты мысалдармен берілген. Мақаланың мақсаты - болашақ математика мұғалімдеріне қатарлар теориясын оқыту үдерісінде зерттеушілік қызметін қалыптастырудың әдістемелік тәсілдерін ұсыну. Зерттеу әдістері – дидактика мен сандық қатарлар теориясына қатысты ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, білім мазмұнын талдау; студенттердің зерттеушілік қабілетттерін дамыту деңгейін анықтау мақсатында оқу процесін бақылау; сандық қатарларды оқыту үдерісіне проблемалық сұрақтар, жобалар, зерттеушілік есептер енгізу; алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу және педагогикалық тұрғыдан түсіндіру.

Зерттеу нәтижелері сандық қатарлардың қасиеттері мен белгілерін талдауда проблемалық және жобалық оқыту әдістерін, есептерді қолдану студенттердің ұғымдарды тереңірек меңгеруіне, оқыту үдерісіне белсенді қатысуына және зерттеушілік ойлау дағдыларын жетілдіруге оң әсерін тигізгенін көрсетті. Зерттеудің маңыздылығы – сандық қатарлар теориясы бойынша оқу материалын меңгеруде студенттердің өзіндік  зерттеулерін жүргізу дағдыларын, болашақ кәсіби қызметіне қажетті зерттеушілік және әдістемелік құзыреттіліктерін қалыптастыруға, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері болашақ математика мұғалімдерінің сандық қатарлар теориясын меңгеруін тек пәндік білім көлемінде ғана емес, сонымен қатар зерттеушілік қызмет тұрғысынан да тереңдетуге болатынын көрсетті. Жобалық тапсырмалар мен зерттеушілік есептерді қолдану студенттердің шығармашылық және сыни ойлауын дамытады, кәсіби-әдістемелік дайындығын жетілдіреді және олардың болашақ педагогикалық қызметінде тиімді қолдана алатын оқыту тәжірибесін қалыптастырады.

PDF