Аннотация
Ғылыми еңбектердегі дереккөздерге сәйкес дәстүрлі оқыту әдістері ерекше білім алуды қажет ететін оқушылар үшін математикалық дағдыларды үйретуге жеткіліктісіз болды, сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балаларға математикалық дағдыларды үйрету кезінде көп сенсорлы оқыту әдістерін қолданудың ерекше қажеттіліктері туындайды. Осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердің бірі – TouchMath мультисенсорлық оқыту әдісі. Зерттеудің негізгі мақсаты – осы әдісті ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізу үшін ұсыну, сонымен бірге, TouchMath көмегімен зерттеулерді талдау және практикада қолдану болып табылады.
Зерттеу әдістері – дереккөздерге кітапханадағы ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік деректер қоры және электронды деректер базалары (EbschoHost, Proquest, National) пайдаланды. Дипломдық жұмыс орталығы (www.yok.gov.tr), сондай-ақ іздеуде «TouchMath», «Touch math», «Nokta Belirleme Tekniği» және негізгі сөздер ретінде «Dokunmatik Matematik» пайдаланылды. TouchMath-тың математикадан қиындық туындайтын барлық оқушылар үшін тиімділігі дәлелденген. TouchMath – бұл мультисенсорлық оқыту әдістерінің бірі. Математикалық дағдыларды үйрету, әсіресе оқушылардың сандарды қабылдау, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Осы мақаланы жазу барысында халықаралық, ұлттық дерекқорлар және деректер базасынан отыздан астам мақала табылды. Біздің зерттеу осы мақалаларға сәйкес талданды және ғылыми-зерттеу модельдері, қатысушылар, тәуелділік айнымалылары және сонымен қатар, сенімділікті, әлеуметтік жарамдылықты, жалпылауды және қызмет көрсету деректерін пайдаланадық, олар талқыланды, редакцияланды. Соңында, алынған қорытындылар бойынша зерттеулер нәтижесінде мектеп оқушыларына эксперимент ретінде қолданылып, анализ жасалып, гипотеза анықталып, математикалық статистика динамика негізінде өңделді.
Қорытындылай келе, сенсорлық нүкте (TouchMath) оқытудың көрнекі және тактильді әдісін ұсынатын құнды тәсіл. Ол оқушыларға, әсіресе дәстүрлі әдістермен түсінуінде қиындық туындаған оқушылар үшін, көбейту проблемаларын түсіну мен шешудің нақты тәсілін ұсынады. Сандарға сенсорлық нүктелерді пайдалану оқушыларға көбейту ұғымдарында берік іргетас жасауға көмектеседі және көбейту есептеулерінде сенімділік пен еркіндіктің артуына ықпал етеді.