АВТОРЛАРҒА МАҚАЛАНЫ РЕСІМДЕУ БОЙЫНША НҰСҚАУ

 
Республикалық ақпараттық ғылыми-әдістемелік журнал

Авторларға мақаланы ресімдеу бойынша нұсқау

«Педагогикалық ізденіс» - «Педагогический поиск»

5–10 бетТүпнұсқалық ≥ 70%Times New Roman, 12 птKZ · RU · EN

Қандай мақалалар қабылданады

«Педагогикалық ізденіс» - «Педагогический поиск» журналында жариялауға белгілі бір жіктелім бойынша мақала түрінде рәсімделген педагогикалық қызметтің және өзіндік зерттеулердің нәтижелері қабылданады:

ҒҒылыми мақала
Ғылыми зерттеудің, эксперименттік немесе аналитикалық қызметтің аралық немесе түпкілікті нәтижелерін және өз тұжырымдарын баяндау; мұнда бұрын жарияланбаған әрі жаңашылдығы бар авторлық әзірлемелер, тұжырымдар мен ұсынымдар қамтылады; немесе ортақ тақырыппен байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қарастыруға арналған мақала (жүйелі шолу).
ШШолу мақаласы
Белгілі бір кезеңдегі ғылымның, техниканың, әдебиет пен өнердің жай-күйіне жиынтық сипаттама беретін, талдау жасайтын және баға беретін жарияланым.
ӘӘдістемелік мақала
Автор нақты педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған білім беру процесін ұйымдастырудың практикалық тәсілдерін, әдістерін, әдіс-тәсілдерін, технологияларын немесе нысандарын сипаттайтын, негіздейтін және ұсынатын жарияланым.

Журнал айдарларының бағыттары

01Педагогика және білім беру саласындағы зерттеулер
02Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық
03Тәрбие теориясы мен практикасы
04Білім берудегі заманауи әдістер мен цифрлық технологиялар
05Инклюзивті және арнайы білім беру
↗
Мақала редакциялық алқаға журнал сайтының электрондық жүйесі арқылы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жіберіледі. Ұсыну кезінде төмендегі талаптарға сәйкес рәсімделген мақаланы жіберу қажет.

Мақалаға қойылатын жалпы талаптар

▤
5–10 бет
библиографияны қоса алғандағы көлемі
✓
≥ 70%
мәтіннің түпнұсқалығы
↻
1 рет
тексеруге қайта жіберу
  • ✓Мақала өзекті тақырыпта орындалуы және өзіндік зерттеудің нәтижелерін қамтуы тиіс.
  • ✓Мақаланың көлемі, библиографияны қоса алғанда, компьютерде терілген (Microsoft Word редакторы) 10 беттен аспауы тиіс, мақаланың ең аз көлемі – 5 бет.
  • ✓Мәтіннің түпнұсқалығы кемінде 70% болуы тиіс.
  • ✓Мақала антиплагиат жүйесі немесе рецензент тарапынан қабылданбаған жағдайда авторға пысықтауға қайтарылады. Автор мақаланы плагиатқа тексеруге немесе рецензиялауға 1 рет қайта жібере алады.
  • ✓Мақала мәтіні логикалық тұрғыдан бірізді әрі ықшам болуы тиіс; сөйлемдер құрылымы жағынан салыстырмалы түрде қарапайым және тым ұзақ болмауы қажет.

Қолжазбаны рәсімдеу параметрлері

Жиектер
барлық жағынан 20 мм
Қаріп
Times New Roman
Кегль
12 пт
Жоларалық интервал
бір
Туралау
ені бойынша
Абзац шегінісі
1 см
Мақала материалы ГОСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық рәсімдеу» стандартына сәйкес рәсімделеді.

Ғылыми-әдістемелік мақаланың құрылымы

1. Мақаланың атауы2. Автор(лар) туралы ақпарат3. Аңдатпа4. Түйін сөздер5. Кіріспе6. Әдіснама7. Нәтижелер және оларды талқылау8. Қорытынды9. Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса)10. Әдебиеттер тізімі

Мақала бөлімдеріне қойылатын талаптар

1
Мақаланың атауы

Беттің ортасына бас әріптермен орналастырылады, жартылай қою қаріппен ерекшеленеді. Атау бір мағыналы әрі түсінікті болуы, мақаланың мазмұнын көрсетуі тиіс (20 сөзден аспайды).

Мақала атауының үстінде сол жақта жеке жолмен ӘОЖ (УДК) индексі көрсетіледі (https://teacode.com/online/udc/).

2
Авторлар туралы ақпарат

Мақаланың атауынан кейін бір жол тастап оң жақта орналастырылады, кегль – 12 пт, жартылай қою (курсив) қаріппен ерекшеленеді. Келесі жолда автор туралы ақпарат көрсетіледі: жұмыс орны, елді мекеннің атауы, ел. Авторлар туралы мәліметтер атау септігінде беріледі.

Үлгі
УДК / ӘОЖ / UDC
Қашықтықтан оқыту жағдайында CLIL технологиясын зерделеу аспектілері
*Альмагамбетова Л.С.¹, Кабдирова А.А.², Подкомаровская Н.Д.³
¹˒²˒³ «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Петропавл, Қазақстан
¹ORCID: 0000-0002-1528-44941
²ORCID: 0000-0001-6113-60652
³ORCID: 0000-0001-9733-09433
*(Электрондық пошта: zzzzzzzzza@mail.ru)
3
Аңдатпа

ГОСТ 7.9-95 «Реферат және аңдатпа. Жалпы талаптар» стандартына сәйкес рәсімделеді. Аңдатпа ақпараттылық және мазмұндылық талаптарына жауап беруі әрі мыналарды қамтуы тиіс:

  • мақалада баяндалған негізгі мәселе туралы қысқаша ақпарат;
  • мақаланың мақсаты;
  • зерттеу әдістері;
  • зерттеу нәтижелері және олардың маңыздылығы;
  • тұжырымдар.

Аңдатпаның көлемі – 150–250 сөз, кегль – 10 пт. «Аңдатпа» сөзі мақаланың атауынан бір жол тастап сол жақта орналастырылады, курсивпен ерекшеленеді, одан кейін нүкте қойылмайды. Аңдатпаның мәтіні келесі жолдан басталады. Басында аңдатпа мақала жазылған тілде беріледі.

4
Түйін сөздер

Мақала мәтінін іздеуге және оның пәндік саласын айқындауға арналған. Тізімге зерттеуге сәйкес келетін ғылыми терминдер енгізіледі: мақалада қолданылған 5–7 негізгі термин немесе қысқа сөз тіркесі; кегль – 10 пт.

Түйін сөздер аңдатпадан кейін бірден орналастырылады. «Түйін сөздер» тіркесі курсивпен ерекшеленеді, одан кейін қос нүкте қойылып, түйін сөздер бір жолға үтір арқылы беріледі. Тізбелеу нүктемен аяқталады.

Түйін сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі. Мақала тіліндегі аңдатпа мен түйін сөздер негізгі мәтіннің алдында беріледі. Басқа тілдердегі аңдатпа мен түйін сөздер әдебиеттер тізімінен кейін орналастырылады.
5
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігін негіздеуді, зерттеудің мақсатын және шешуге бағытталған негізгі мәселені қамтиды. Кіріспеде зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиетке қысқаша шолу жасалуы мүмкін.

6
Әдіснама

Әдіснама, зерттеу әдістері, оның ішінде деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістері; іріктеменің сипаттамасы (іріктемелі зерттеу қолданылған жағдайда); талданатын материалдың дереккөзі, зерттеудің нақты материалы, оның ішінде авторлық әдістемелер сипатталады.

7
Нәтижелер және оларды талқылау

Алынған нәтижелердің сипаттамасы мен түсіндірмесі (сандармен, кестелермен, графиктермен, суреттермен); зерттеудің тұжырымдамасы, дәйектері, логикасы және ғылыми пікірталас баяндалады.

8
Қорытынды

Алынған нәтижелердің негізінде тұжырымдар жасалады, нәтижелер осы тақырып бойынша бұрыннан бар нәтижелермен салыстырылады; ғылыми жаңалығы мен практикалық құндылығына баға беріледі.

9
Қаржыландыру туралы ақпарат

Бұл бөлім зерттеуді қаржыландыру көзі болған жағдайда (гранттар, мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар) енгізіледі.

10
Әдебиеттер тізімі

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама) ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен жасау ережелері» стандартына сәйкес рәсімделеді. «ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» тіркесі мақала мәтінінен кейін бір жол тастап, беттің ортасына бас әріптермен, кегль – 12, жартылай қою қаріппен орналастырылады.

3–15
дереккөз саны
≤ 30%
өзін-өзі дәйексөз келтіру
5 жыл
әдебиеттің өзектілігі
Әдебиеттер тізімі екі рет рәсімделеді:
1. Әдебиеттер тізімі
дереккөздердің түпнұсқа тілінде (қазақ, орыс және басқа тілдерде)
2. References
APA халықаралық стандартына сәйкес транслитерацияланған тізім (bibme.org)
  • Дереккөздер мәтінде аталу реті бойынша нөмірленеді. Реттік нөмірден кейін нүкте қойылмайды.
  • Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада рет бойынша беріледі: алғаш аталғанда тек нөмірі, мысалы, [1]; қайта аталғанда – нөмірі, үтір, беті, мысалы, [1, 5-б.]. Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.
  • Библиографиялық тізім кемінде 3, бірақ 15 дереккөзден аспауы тиіс. Өзін-өзі дәйексөз келтіру саны 30%-дан аспауы қажет.
  • REFERENCES әдебиеттер тізімінен кейін бір жол тастап, беттің ортасына бас әріптермен, кегль – 12, жартылай қою қаріппен орналастырылады. Дереккөздер транслитерация Ережелерін ескере отырып, латын әліпбиінде беріледі.
  • Ағылшын тіліндегі дереккөздер үшін транслитерация талап етілмейді – олар ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНЕН REFERENCES бөліміне көшіріледі.
  • Соңғы 5 жылда жарияланған әдебиетті пайдалану маңызды (энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер және басқа да іргелі әдебиеттен басқа).
11
Басқа екі тілдегі аңдатпа

REFERENCES бөлімінен кейін орналастырылады. Аңдатпаның алдында автордың тегі мен аты-жөнінің бас әріптері, жұмыс/оқу орны, тұратын елі мен қаласы автор туралы негізгі ақпаратқа ұқсас көрсетіледі; ORCID нөмірі мен электрондық пошта көрсетілмейді. Одан кейін бір жол тастап, беттің ортасына мақаланың атауы, содан соң аңдатпа мен түйін сөздер негізгілеріне ұқсас беріледі. Бір жол төмен түсіп, келесі тілдегі аңдатпа осындай тәсілмен жазылады.

Үлгі
УДК / ӘОЖ / UDC
Қашықтықтан оқыту жағдайында CLIL технологиясын зерделеу аспектілері
*Альмагамбетова Л.С.¹, Кабдирова А.А.², Подкомаровская Н.Д.³
¹˒²˒³ «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Петропавл, Қазақстан
¹ORCID: 0000-0002-1528-44941
²ORCID: 0000-0001-6113-60652
³ORCID: 0000-0001-9733-09433
*(Электрондық пошта: zzzzzzzzza@mail.ru)
Аңдатпа
…
Түйін сөздер: …
12
Авторлар туралы мәліметтер

Бұл бөлім екі тілдегі аңдатпалардан кейін орналастырылады. Беттің сол жағында кіші әріптермен «Авторлар туралы мәліметтер» тіркесі көрсетіледі, кегль – 12 пт, жартылай қою қаріппен. Келесі жолда 10 кеглімен: автордың Т.А.Ә. (жартылай қою), ғылыми атағы, ғылыми/академиялық дәрежесі; лауазымы, жұмыс орны, елді мекен, ел; e-mail – алдымен қазақ тілінде, содан кейін орыс және ағылшын тілдерінде. Мәліметтер атау септігінде беріледі.

Үлгі
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ / СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ / INFORMATION ABOUT AUTHORS
Альмагамбетова Лейла Сериковна – қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының докторы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «СҚО бойынша КДИ» филиалының директоры
Альмагамбетова Лейла Сериковна – ассоциированный профессор, доктор педагогических наук, директор ФАО «НЦПК «Өрлеу» «ИПР по СКО»
Leila Serikovna Almagambetova – Associate Professor, Doctor of Pedagogical Sciences, Director of the Branch of the Institute for Professional Development in the North Kazakhstan Region of the National Center for Professional Development «Orleu» JSC
Курмашева Лилия Борисовна – «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының сеньор-лекторы, магистр
Курмашева Лилия Борисовна – сеньор-лектор кафедры «Информационно-коммуникационные технологии» НАО «Северо-Казахстанский университет имени Манаша Козыбаева», магистр
Lilia Borisovna Kurmasheva – Senior Lecturer at the Department of Information and Communication Technologies, Master’s degree holder, Non-Profit Joint-Stock Company «Manash Kozybayev North Kazakhstan University», Petropavl, Kazakhstan

Кестелер, суреттер, формулалар және қысқартулар

Кестелер
  • Кестенің атауы кестенің үстінде, беттің ортасына орналастырылады, кегль – 12 пт; «Кесте» сөзін, реттік нөмірін және нүктені қамтиды. Атау дәл әрі қысқа болуы және кестенің мазмұнын көрсетуі тиіс.
  • Кесте өз атауынан кейін және ол алғаш аталған абзацтан кейін бір жол тастап енгізіледі. Кестедегі қаріп – 10 пт.
  • Мәтінде барлық кестеге «Кесте» сөзі мен нөмірін (араб цифрларымен) көрсете отырып сілтеме жасау міндетті, мысалы: көрсеткіштер 1-кестеде берілген. Нөмірлеу тұтас болуы тиіс.
  • Өзге дереккөзден алынған кестеде авторға сілтеме болуы қажет: кестеден кейін сол жақ шетте «Дереккөз» сөзі, кегль – 10 пт, қос нүкте және автор.
Үлгі
Мәтін мәтін мәтін. Орындалған тапсырманың нәтижелері 1-кестеде берілген.
Кесте 1. Тапсырманы орындай алмаған оқушылардың саны
Тексерілетін білік Тапсырманы орындай алмағандар
Қыр. (саны) Қыр. (%) Жел. (саны) Жел. (%)
Мәтіннің жалпы мағынасын, тақырыбын анықтау 8 32% 2 8%
Айқын немесе жасырын түрде берілген ақпаратты табу 5 20% 3 12%
Оқу-практикалық міндетті шешу үшін мәтін ақпаратын пайдалану 6 24% 3 12%
Дереккөз:
Суреттер мен иллюстрациялар
  • Өздері қатысты мәтіннен кейін бірден, бір жол тастап, беттің ортасында орналасады.
  • Араб цифрларымен тұтас нөмірленеді, 10 пт кеглімен ортаға туралап қол қойылады. Мысалы: Сурет 1. Оқушылардың тұлғалық кемелдігінің маңызды көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы (қалыптастырушы эксперимент).
  • Суреттер анық, таза, сканерленбеген болуы; олардағы жазулар оңай оқылуы қажет. Қажет болса, сурет асты мәтіні беріледі.
  • Мәтінде суреттерге сілтемелер болуы міндетті. Өзге дереккөзден алынған суретте «Дереккөз:» сөзі мен автор көрсетіледі (сол жақ шетте, 10 пт).
Формулалар
  • Әрбір формула жаңа жолдан беттің ортасына орналастырылады, кегль – 12 пт. Автор бір-бірімен салыстыратын формулалар да әртүрлі жолдарға орналастырылады.
  • Формулалар негізгі мәтіннен бөлінеді. Ол үшін бір интервал аралығы қолданылады.
  • Егер формула көп жолды болса, оны келесі жолға ауыстыру тек орындалатын амал белгісінде (қосу, азайту, бөлу, көбейту және т.б.) жүзеге асырылады. Бұл жағдайда амал белгісін келесі жолда қайталау қажет.
Үлгі
Sвых(x2, y2) = ∬ dx0dy0A0g(x0, y0) · h(x2 − x0, y2 − y0) =
(3)
= A0 ∬ dx0dy0 g(x0, y0) · h(x2 − x0, y2 − y0)анықтама бойынша бұл – үйірткі = A0g ⊗ h
(4)
  • Көбейту белгісін нүктемен белгілеуге болмайды – тек арнайы «×» таңбасы қолданылады.
  • Егер формулалар мәтінде бірінен соң бірі берілсе, олар (мағынасы жағынан тығыз байланысты болса да) нүктелі үтірмен бөлінеді. Басқа жағдайларда формулалар жалпы құрылымның бөлігі болып табылады және тыныс белгілерінің жалпы ережелеріне бағынады.
  • Мәтіндегі формулаларға сілтемелер дөңгелек жақшада беріледі – (1). Мақала мәтіні бойынша формулалар тұтас нөмірленеді, формуланың нөмірі формуланың оң жағында дөңгелек жақшада орналастырылады.
Үлгі
Техникалық жабдықтың жетілмегендігі қаупін [5] формуласы арқылы анықтауға болады:
Rно = kΣi=1AiNуоiNтоi,
 
мұндағы Nуоi – i-түрдегі ескірген жабдықтың саны; Nтоi – i-түрдегі қолда бар жабдықтың саны; Ai – салмақтық коэффициент.
Аббревиатуралар мен қысқартулар

Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар, жалпыға белгілі болғандарынан басқасы, мәтінде алғаш қолданылған кезде ашып жазылуы тиіс. ГОСТ 7.12-93 «Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөздердің қысқартылуы. Жалпы талаптар мен ережелер» бойынша рәсімделеді.

⚠Назар аударыңыз!

Журналда жариялау үшін жұмысының мәтінін ұсына отырып, автор өзі туралы барлық мәліметтің дұрыстығына, плагиаттың және өзге де заңсыз алып пайдалану нысандарының жоқтығына, мәтіннен, кестелерден, иллюстрациялардан алынған барлық үзінділердің тиісінше рәсімделуіне кепілдік береді.

Ережелер бұзылып рәсімделген немесе грамматикалық, орфографиялық, тыныс белгілері және стилистикалық қателері көп, ағылшын/қазақ/орыс тілдеріне автоматты аударма жасалған мақалаларды редакция қабылдамайды әрі олар қаралмастан авторларға қайтарылады.

Жұмыстың кез келген сатысында өрескел қателер, ауқымды алып пайдаланулар немесе қате дәйексөздер анықталған жағдайда мақала қабылданбауы немесе пысықтауға қайтарылуы мүмкін.

Мақалаңыз талаптарға сай ма?
Мақала жіберу →