Әдістемелік ұсынымдар
Жинақ педагогикалық идеяларды талдауға және оларды білім беру тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға арналған.
Жинақтағы әр материал педагогикалық идеяның құрылымдалған сипаттамасы ретінде ұсынылған. Идеяны талдау кезінде төмендегі сұрақтарға назар аудару ұсынылады:
✓ автор қандай білім беру мәселесін көтереді;
✓ педагогикалық шешімнің мәні неде;
✓ қандай тәсілдер мен құралдар қолданылады;
✓ білім алушылардың қандай әрекеттері ұйымдастырылады;
✓ қандай оқу нәтижелері күтіледі.
Мұндай талдау педагогикалық шешімнің логикасын түсінуге және оны өз тәжірибесінде қолдану мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.
Жинақ материалдары мектепішілік әдістемелік жұмыста қолданылуы мүмкін:
✓ әдістемелік семинарлар мен педагогикалық кеңестерде;
✓ пәндік немесе әдістемелік бірлестіктерде тәжірибе алмасуда;
✓ сабақтарды бірлесіп жоспарлауда;
✓ жас педагогтерді кәсіби қолдауда.
Жинақтағы материалдар функционалдық сауаттылық бағыттары бойынша топтастырылған. Әр педагогикалық идея мынадай құрылымда ұсынылған: аннотация, өзектілігі, педагогикалық идеяның сипаттамасы, іске асыру алгоритмі, білім беру нәтижелері және тәжірибені қолдану мүмкіндіктері.
QR-код арқылы педагогикалық идея авторының бейнематериалдарына қол жеткізуге болады.